5.11.2023, 12:35
Оқылды: 2

Қаратөбе ауданында 2458 сайлаушы дауыс беріп үлгерді

Қаратөбе ауданында таңнан басталған сайлауға ауыл тұрғындары белсенді қатысып жатыр.

к сайлауы (4)

 Бұл қаратөбеліктердің аудан болашағына бей-жай қарамайтындарын көрсетеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халыққа Жолдауында: «Аймақтағы атқарушы биліктің шешім қабылдау ісіне азаматтардың тікелей қатысу мүмкіндігін біртіндеп арттыру да маңызды. Ауыл, кент және ауылдық округ әкімдерін тұрғындар өздері сайлай бастағанына екі жылдан асты. Содан бері ауылдық деңгейдегі әкімдердің төрттен үші сайланды. Енді аудан және облыстық деңгейдегі қала әкімдерін сайлап көреміз» деген еді.

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бақытжан Жүсіпқалиевтің айтуынша,
11:00-дегі мәлімет бойынша ауданда 2 458 сайлаушы дауыс берген. Яғни 28%-ы. Дауыс беруден алда келе жатқан учаскелер: №284 - 70%, №274 - 48%.

Ясипа Рабаева,

zhaikpress. kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале