27.03.2024, 17:45
Оқылды: 208

Қаратөбе ауданында 30 үй су астында қалды

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қоржын ауылында қардың қарқынды еруі және жауын-шашынның салдарынан Жақсыбай өзенінің сағасы көтеріліп, 30  үй су астында қалды.

Бұл туралы БҚО ТЖД-ның баспасөз қызметі хабарлады.

WhatsApp Image 2024-03-27 at 17.49.23

Шамамен 300-400-ге жуық адам Қоржын ауылының мектебіне көшірілді. Автокөлік қозғалысы тоқтатылған.

WhatsApp Image 2024-03-27 at 17.49.22
Жеде штаб су тасқынына мониторинг, сондай-ақ авариялық-құтқару жұмысын жүргізу мақсатында Орал қаласының «ӨС және АҚЖҚ» РММ күштері мен құралын Қаратөбе ауданының Аққозы және Шалғын ауылдарына жіберу туралы шешім қабылдаған.

WhatsApp Image 2024-03-27 at 17.49.23 (1)

Құтқару жұмысына жеке құрамнан 24 адам тартылған. Бес бірлік техника және төрт мотопомпа жұмыс істеп тұр.

Топтың жетекшісі болып өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмысын ұйымдастыру бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры Рустам Кубашев тағайындалды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале