Жол апаты 30 қаңтар күні сағат 07:46 шамасында Самара-Шымкент тас жолының Қаратөбе ауданы тұсында болды.
БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 36 жастағы жүргізуші басқаратын «Opel Astra» көлігі 48 жастағы Қырғыз Республикасы азаматының басқаруындағы «Volvo» жүк көлігімен соқтығысқан.
«Opel Astra» көлігіндегі 15 және 17 жастағы жасөспірім мен 46 жастағы жолаушы ауруханаға жеткізілді.
Оқиғаға қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігі «Жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.