30.10.2023, 14:30
Оқылды: 105

Қарқара көтерілісіне не түрткі болды?

Бұл Жетісудағы ірі көтерілістердің бірі. Кейбір құжаттық деректерде «Албан көтерілісі» деп те жазады. Өйткені көтерілісті ұйымдастырушылар Албан руының азаматтары болған.

су алматы жп

Көтерілістің шығуына түрткі болған 1916 жылғы 25 маусымдағы патша жарлығының қазақтардан майданға жігіт жинауы еді.

«Қарқара» Жетісу облысының Жаркент уезіне қарайтын жайлау атауы. Онда жылдың төрт мезгілінде атақты халықаралық жәрмеңкелер өткізіліп отырған. Оған Қытай, Ресей, Орталық Азия, Қазақстан елдерінен саудагерлер тартылып тауарларын шығарған.

1916 жылдың жазындағы Қарқара жәрмеңкесіне жиналған жұрт патша жарлығын орындамауға, майданға азаматтарын жібермеуге уағдаласады.

Әсіресе, 16 болыстан тұратын албан руының өкілдері 1916 жылдың 10 шілдесінде Ақбейіт тауына жиналып патша жарлығына қарсы халықты ұйымдастырып, жергілікті болыстардан жігіттерді майдан жұмысына бармауға үгіттейді.

Алайда Қарақарадағы жағдайдан құлақдар болған генерал-губернатор 1916 жылдың 20 шілдесінде қаруланған әскерін жіберіп көтерілісшілерді қуып-таратып, түгелге жуық тұтқындайды.

Түрмеде көтерілістің басшысы Мәмбетұлына у беріп өлтіреді. Жазалау әрекеттері күзге дейін жалғасып, көтерілісшілермен қоса бейбіт халық та қырғынға ұшырайды.

Зулхожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале