9.03.2021, 9:35
Оқылды: 36

Қармағымды қап, балық!

Бәйтерек ауданының Котельников ауылында «Болашақтың балығы» атты мұз астынан балық аулаудан әуесқойлар арасында қайырымдылық турнирі өтті. 

 Рыбалка (4) (1)

Аталмыш турнирге «Рыбалка. Охота. Отдых» қауымдастығы ұйымдастырған «Асан ауыл» ЖШС, «Рыбалов» және «Safari» дүкендер желісі, сондай-ақ «Life is Digital» баспа және дизайн студиясы демеушілік жасады. Турнирге өңіріміздің және көршілес облыстар аудандарының өкілдерінен құралған 29 команда қатысты. Командаларға берілген уақыт ішінде жалпылай салмақта көп балық ұстаудың қарапайым шарты қойылды. Жарыс қорытындысында бірінші, екінші және үшінші орындарды тиісінше «Семья рыбака», «Ерака и Ко» және «Хищник» командалары иемденді. Іс-шарада төтенше жағдайлар жөніндегі бригада мен медицина қызметкерлері бастан-аяқ кезекшілік етті. Жарыс соңында Краснов ауылдық округінің әкімі Жұмабай Сатаев қатысушыларды құттықтап, алда болатын сайыстарда да сәттілік тіледі.

 

Е.Қадыров,

«Рыбалка. Охота. Отдых» қауымдастығының әкімгері

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале