Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Қаныш Әбубәкіров Кеңес Одағының Батыры Нұркен Әбдіров атындағы Қарағанды авиабазасының ұшу құрамын оқытуға арналған жаңа тренажер кешенінің ашылуына қатысты.
Бұл туралы қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жедел-тактикалық авиацияның жаңартылған Су-30СМ жаттықтыру кешені ұшқыштар мен авиация техниктері үшін сынақтан және техникалық қабылдаудан өтті.
Қорғаныс министрінің орынбасары Қаныш Әбубәкіров авиаторларды жаңа техникалық кешеннің толығуымен құттықтады.
– Қорғаныс ведомствосы ұшу құрамын сапалы оқытуға күш-жігерін салуда. Пайдалануға берілген жоғары технологиялық жаттықтыру кешені әскери ұшқыштарды даярлау үдерісін едәуір жақсартуға мүмкіндік береді, – деді ол.
Тренажер үш сегменттен тұрады, атап айтқанда – ұшудың әртүрлі жағдайын модельдейтін маманның жұмыс орны, ұшқыштың жеке дайындық орны және Су-30СМ кабинасының имитаторы. Кешен экипажға пилотажды және әуе кемесін зақымдау үшін авиация құралдарын қолдану міндеттерін пысықтауға мүмкіндік береді. Пилоттық және штурмандық кабиналардың функционалдық жабдықталуы да кәдімгі ұшаққа ұқсас.
СУ-30 СМ тренажер кешенінде алғашқы ұшуды бақылау іс-шарасына қатысушыларға оның әр түрлі мүмкіндігі мен артықшылықтарын бағалауға мүмкіндік берді.
Фото: Қорғаныс министрлігінің