18.09.2025, 9:30
Оқылды: 106

Қарулы күштердің әскери қызметшісі Республика күніне орай 600 шақырым жүгіруге ниетті

Астанадағы аумақтық қорғаныс бригадасы бөлімшесінің командирі 3-сыныпты сержант Рауан Әбілханов Астана – Көкшетау – Астана бағыты бойынша ара қашықтығы 600 шақырым болатын бірегей спорттық сынаққа – супермарафонға дайындалуда. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жазды. 
_gluster_2025_9_18_eb7ebe66d3c1ce59c98ba403c16a38bb_1280x720
Сурет: gov.kz

Бұл бастамасын ол ұлттық мереке — Республика күніне арнап, жүгіруді 25 қыркүйекте бастауды жоспарлап отыр. Әскери қызметші осы мақсаты арқылы қазақстандық ультрамарафондардың барлық алдыңғы рекордтарын жаңартпақ.

Рауан Әбілхановтың бастамасы Қазақстан Республикасы Қарулы күштері мен Астана қаласы әкімдігінің әскери қызметшілері тарапынан қолдау тапты.

Сержант Әбілхановтың жүгіруде рекорд жасаудан тәжірибесі бар. 2022 жылы ол Алматы облысындағы «Әли» оқу-жаттығу орталығынан Шелек ауылы бағыты бойынша 48 сағат ішінде 350 шақырымды жүргіріп өтіп, Қазақстанның рекордтар кітабына енді.

42 жастағы спортшы 15 жылдан астам жеңіл атлетикамен айналысады. Алматыда және әскери қызметшілер арасында марафондардың бірнеше дүркін жеңімпазы. Алдағы марафоннан өзге оның жоспарында 10 күнде 1000 шақырым жүгіру – жаңа жобасы да бар.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале