13.12.2023, 17:52
Оқылды: 47

«Қарызсыз қоғам»: 9403 адам қаржы сауаттылығын арттырды

“АMANAT” партиясының Halyk Bank-пен бірлесіп жасаған “Қарызсыз қоғам” жобасы әлемдік проблеманы өзімізден бастап шешуді мақсат етті.

IMG-20231213-WA0095

Тұрғындарды қаржылық сауаттылыққа шақыратын аталмыш жоба мамыр айының екісінен басталып, 30 қарашаға дейін жалғасты. Бір топтың оқу мерзімі 5 күнді құраса, топ құрамындағы әр 20-100 адам қаржыны орынды пайдаланудың қыр-сырын меңгерді. Оқу бағдарламасы несие бойынша қарыздары бар және борышкерлер тізіміндегі адамдар, дәл қазіргі уақытта несиесі бар, бірақ мерзімі өтіп кеткен берешектері жоқ адамдар және несие алып, мемлекеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге арналды.

IMG-20231212-WA0106

БҚО бойынша барлық ауданда 30 қарашаға дейін 8621 адамды оқыту жоспарланып, аталған мерзім ішінде 9403 тұрғын білім алды.

Бұл ретте «Ұлы дала» ауыл бизнесін дамыту ассоциациясы республикалық қоғамдық бірлестігі тарапынан облысымызға 9 оқытушы бекітілді.
Оқудан өтіп, сертификатқа ие болғандар:

Ақжайық – 530, Байтерек – 625, Бөкей Ордасы – 350, Бөрлі – 630, Жаңақала – 476, Жәнібек – 222, Қаратөбе – 421, Казталов – 648, Сырым – 410, Тасқала – 450, Теректі – 653, Шыңғырлау – 387 және Орал қаласында – 3601 адам.

Жобаға қатысушылар қаржылық мәселелердің қалай туындайтынын, несиелік қарыздар санын азайтудың жолдарын, алаяқтық әрекеттерді қалай анықтауға болатынын үйренді.

Ал ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер компания бюджетін қалыптастыру тәртібі, салық есеп-қисабын ұсынуды және мемлекеттік қолдау бағдарламалары бойынша қаржыландыру шарттары туралы құнды ақпарат алды.

Аталған оқу келер жылдары да  жалғасады. Облыс әкімдігі жанынан арнайы жобалық кеңсе құрылып, арнайы жергілікті атқарушы органдармен бірге келесі жылға жоспар жасалып жатыр.
Бұл ақпараттар «AMANAT» партиясы БҚОФ саяси жұмыс бөлімінің консультанты – Аткешов Нұржан Ғалымжанұлының арнайы жүргізген тікелей эфирінде баяндалды.

«AMANAT» партиясы

БҚОФ баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале