Интернеттегі алаяқтық жыл сайын күрделеніп отыр. Алаяқтар сіздің ақшаңызға немесе деректеріңізге қол жеткізу үшін сатушылар, сатып алушылар, банк қызметкерлері және тіпті жақын адамдар ретінде жасырын әрекет етеді. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі алаяқтар жиі іске асыратын қулықты атады.

Біріншіден, алаяқтық қарапайым хабарландыруынан басталуы мүмкін. Адам сол бойынша хабарласады, ақша аударады да, ақырында қаражатсыз қалады.
Екіншіден, алаяқтар өздерін банк немесе полиция қызметкерлері ретінде таныстырып, жиі қоңырау шалады. Олар сенімді сөйлейді, қауіп-қатер төндіріп тұр деп сендіреді және жылдам әрекет етуге шақырады.
Үшіншіден, жалған инвестициялар белсенді қолданылады. Олар оңай табыс табуға уәде береді, салым салуды немесе банктік қосымшаға кіруге мүмкіндік беруді ұсынады.
Кейбір жағдайда алаяқтар фишиңді – жалған сайттар мен хаттарды пайдаланады. Бір қарағанда ресми сайттардан айырмашылығы жоқ. Адам сілтеме бойынша өтіп, деректерді енгізеді, нәтижесінде шотқа кіруге мүмкіндік беретін барлық ақпарат қылмыскерлердің қолына түседі.
Сондай-ақ мессенджерлердегі «достардан» хабарламалар келуі мүмкін. Олар қарызға ақша сұрайды, ұтыс ойынына қатысу немесе сауалнамаға жауап беруді өтінеді, содан кейін шоттағы ақша есептен шығарыла бастайды.
Өзіңізді қорғау үшін, ең алдымен, цифрлық гигиенаны сақтау керек. Ешқашан SMS кодтарын, құпия сөздерді және карта деректемелерін жібермеңіз. Логинді немесе кілт сөзді енгізбес бұрын сайттың мекенжайын міндетті түрде тексеріңіз. Қосымшаларды тек ресми дереккөздерден жүктеп алу керек. Ал бастысы, егер сізге қысым жасалып жатқанын сезінсеңіз немесе сізді асықтырып жатса, ақша аударуға асықпаңыз.
Өзіңізді қалай қорғауға болады?
Құрбан болған жағдайда не істеу керек?
Егер сіз ақшаны немесе деректеріңізді берсеңіз – дереу банк пен полицияға хабарласыңыз. Неғұрлым жылдам әрекет етсеңіз, қаражатты қайтару және қылмыскерлерді тоқтату мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.
Динара Насыр,
zhaikpress.kz