10.01.2026, 16:30
Оқылды: 161

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі фейк ақпаратқа қатысты ресми түсініктеме берді

Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми арнасы.

4119bc58-e889-4156-b1b9-e57afe88df6e

Фото: freepik 

Жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді, тек ресми ақпарат көздерін пайдалануларыңызды сұраймыз, сондай-ақ әртүрлі делдалдардың көмегіне жүгінбеуге кеңес береміз.
Еске саламыз, Қазақстан Республикасының заңнамасында жалған ақпарат таратқандарға жауапкершілік көзделген.

Қазіргі таңда елде қарыз алушылардың банктермен, микроқаржы ұйымдарымен (МҚҰ) және коллекторлық агенттіктермен өзара іс-қимыл жасауының бірыңғай тетігі қолданыста.

Тетіктің жұмысы туралы толығырақ ақпарат Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сайтында қолжетімді:
https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1076741?lang=kk

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале