12.11.2020, 15:09
Оқылды: 39

Қаржы пирамидалары келтірген шығын өтеле ме?

ҚР ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов қаржы пирамидалары тарапынан келтірілген шығынды Қазақстан азаматтарына өтеп беруге қатысты түсінік берді.

40980951-7595-4423-8984-BC5578EE1E0C

«Алаяқтар әрекетінен зардап шеккен азаматтарды бір ғана мәселе алаңдатады, яғни олар келтірілген шығын қалай өтелетінін сұрайды. Біздің қызмет салымшылардың ұрланған ақшалары мен активтерін анықтауға, алаяқтар қылмыстық жолмен жиған мүлікті анықтауға, сондай-ақ оған дер кезінде тоқтам салуға бағытталған», - деді С.Әділов министрлік ұйымдастырған онлайн брифингіде. Осы орайда ол қылмыстық істер сотқа жолданғаннан кейін, келтірілген шығынды өтеуге қатысты мәселе сотта қаралатынын еске салды.

«Әрине, күдіктілердің қылмыстық жолмен жиған барлық мүлкі сот шешімімен зардап шеккендердің шығынын өтеуге бағытталады. Осы қадамдарға қолданыстағы заңнамамен кепілдік берілген», - деді Санжар Әділов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, департамент басшысы «Гарант 24 Ломбард» ісінің мән-жайын айтып берді. «Гарант 24 Ломбард» қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық іс аяқталды. Осы іс бойынша 18 мыңнан астам адам шағымданды, келтірілген шығынның жалпы сомасы 22 млрд. теңгеден астам. Қылмыстық істі тергеу үшін Ішкі істер министрлігінің арнайы жедел тобы құрылды, оған 150-ден астам қызметкер енді», - деді С.Әділов.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале