20.12.2022, 12:00
Оқылды: 50

"Қаржы уақытылы бөлініп, құрылыс мерзімінде аяқталуға тиіс"

Бүгін Батыс Қазақстан облысы әкімдігінде облыс әкімінің төрағалығымен тұрғын үй құрылысы бойынша кеңес өтуде. Кеңеске тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласы ұйымдары және тұрғын-үй құрылыс компаниялары қатысуда.

5

Батыс Қазақстан облыстық құрылыс басқармасының бастығы Алибек Антазиев биылғы жылы атқарылған құрылыс жұмыстары туралы баяндады. Құрылыс саласының басшысы саладағы мердігерлердің басым көпшілігі өзге өңірлерден екенін және бұл да құрылыс жұмыстарының өз мерзімінде аяқталмауына әсері жоғары екенін атап өтті.

4

Өңір басшысы Нариман Төреғалиев биылғы атқарылған жұмыстарды тыңдап, ең алдымен келер жылы басталатын құрылыс нысандарының инфрақұрылымына бөлінетін қаржының уақтылы бөлінуін қамтамамыз ету үшін алдын-ала барлық қажетті шараларды алуды тапсырды. Сонымен қатар, мердігерлердің құрылыс нысандарындағы жұмыстарын мерзімінде орындауы кестеге сәйкес қатаң бақылауға алынатынын ерекше атап өтті.

Альфия Шамаева,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале