Салық салудың негізгі мақсаты – қоғам мен мемлекеттің дамуы үшін әртүрлі маңызды әлеуметтік жобалар мен бағдарламаларды іске асыру. Көбінесе бұл төлемдер жосықсыз кәсіпкерлердің заңсыз әрекеттері салдарынан түпкі мақсатқа жетпейді.
Қаржылық мониторинг агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті салық төлеуден жалтару дерегі бойынша «Компания Бурлингазстрой» ЖШС-не қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады.
Тергеу мәліметтері бойынша, кәсіпорын басшысы Б.Өтегенов 2015-2019 жылдар аралығында салық декларациясына көрінеу жалған мәліметтер енгізген, осылайша 157 млн. теңгеден астам сомаға салық төлеуден жалтарған.
Б.Өтегенов сотталды, сондай-ақ коммерциялық ұйымдарда ұйымдастыру-басқарушылық функцияларды орындаумен байланысты қызметпен айналысу құқығынан 3 жылға айырылды.
Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары! Егер Сізге осындай деректермен экономикалық және қаржы салаларында өзге де құқықбұзушылықтар белгілі болса, БҚО бойынша ЭТД +7 708 435 04 54 нөмірі бойынша Telegram және WhatsАpp-тағы онлайн-чат арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.
Чат менеджерлердің барлық пайдаланушылары үшін қолжетімді және 24/7 демалыссыз қызмет етеді. Барлық сұрауларыңызға кері байланыс аласыз.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі