3.12.2025, 12:30
Оқылды: 46

«Қаржылық сауаттылық негіздері» жобасы Батыс Қазақстан облысында сәтті аяқталды

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының бірлескен «Қаржылық сауаттылық негіздері» жобасы Батыс Қазақстан облысында сәтті аяқталып, білім беру жүйесін жаңа деңгейге көтерді. Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде жүзеге асқан бұл бастама мұғалімдер мен оқушылардың қаржылық білімін арттыруға бағытталған ұзақ мерзімді стратегияның маңызды бөлігі болды.

37767a34-b6ce-475c-b42e-887aa419608f

8 қыркүйек пен 28 қараша аралығында өткен оқыту барысында облыс мектептері мен колледждерінде «Жаһандық құзыреттілік» пәнін оқытатын 380 педагог арнайы бес күндік офлайн курстан өтті. Жалпы алғанда, 380 тыңдаушы білім алған 16 курс өткізілді.

Ұлттық банк, Оқу-ағарту министрлігі және «Өрлеу» орталығымен бірлесіп әзірлеген бұл оқу бағдарламасы қаржы және білім беру саласындағы халықаралық сарапшылардың ұсынымдарына негізделген. Жобаның басты ерекшелігі – қаржылық сауаттылықты іс жүзінде қолдануға үйрету.

Мұғалімдер қаржыны басқарудың базалық қағидаттарын, қаржылық мінез-құлық психологиясын, сондай-ақ отбасылық бюджет пен шығындарды жоспарлаудың тиімді әдістерін меңгерді. Сонымен қатар, инвестиция, цифрлық активтер, несие жүйесі, зейнетақы жинақтары сияқты өзекті тақырыптар бойынша терең білім берді. Ең маңызды тақырыптардың бірі – алаяқтықтың түрлерін ажырату және жеке деректерді қорғау дағдыларын қалыптастыру болды.

20ed8df2-1a97-413d-9443-c5a162cd0fe0

«Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО бойынша КДИ» филиалының білікті тренерлері мен ҚР Ұлттық банкінің жоғары деңгейлі қызметкерлері курстың мазмұнды әрі жоғары деңгейде өтуіне зор үлес қосты. Тренерлер педагогтерге қаржыны басқарудың психологиялық аспектілері мен отбасылық бюджетті жоспарлаудың практикалық әдістерін меңгертуге баса назар аударса, Ұлттық банктің мамандары инфляция, инвестиция, зейнетақы жүйесі және қаржылық алаяқтықтан қорғану сияқты өзекті макроэкономикалық және қауіпсіздік тақырыптары бойынша терең дәрістер оқыды.

Батыс Қазақстан облысының тәжірибесі бүкіл ел бойынша жүзеге асырылып жатқан ауқымды жобаның бір бөлігі. Қазірдің өзінде еліміздің барлық өңірінен 500-ге жуық педагог осы курстан өтіп, оқушыларға дәріс оқуды бастады. Жоспар бойынша:
• Жыл соңына дейін қаржылық сауаттылық курсынан өткен мұғалімдер саны 6 мыңға жеткізіледі.
• 2026 жылы тағы шамамен 4 мың мұғалімді қамту көзделген.

Бұл бастама қоғамның қаржылық мәдениетін айтарлықтай арттырып, азаматтардың қаржы пирамидалары мен интернет алаяқтықтан қорғану деңгейін күшейтеді. Сауатты мұғалім – сауатты ұрпақтың кепілі болмақ.
Батыс Қазақстан облысындағы 380 педагогтың оқытылуы осы ауқымды жұмыстың табысты және нәтижелі жалғасының айғағы болып, жас ұрпаққа сапалы қаржылық білім беруге жол ашты.

0fb9652a-8d71-4cfd-8510-803aa1b4d667

Толқын Габдушева,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО бойынша КДИ» филиалы,
«Ustaz» журналының редакторы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале