15.05.2025, 16:15
Оқылды: 245

Қаржылық сауаттылық – құқықбұзышылықтарды азайтудың ажырамас бөлігі 

Қаржылық сауаттылық тұрақты әрі құқықтық сана-сезімі жоғары қоғамдықалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Қазақстан Республикасында құқықтық тәртіпті нығайту және құқықбұзушылық деңгейін төмендету бойынша белсенді саясат жүргізілу кезеңінде халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруэкономикалық және қаржылық қылмыстардың алдын алуында маңызды құрал болып табылады.

istockphoto-2149346220-612x612

Сурет: istockphoto


Халық
тың қаржылық білімін жақсарту қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауда, азаматтардың қаржы ресурстарына және бизнестерге қолжетімділігін арттыруда маңызды рөл атқарады және жалпы қоғамның қаржылық тұрақтылығы мен әл-ауқатының, заң мен тәртіптің маңызды факторы болып табылады.

Алайда, қаржылық сауаттылықтың төмен болуы, азаматтардың қаржылық пирамидаларға қатысуына, алаяқтыққа және басқа да экономикалық құқықбұзушылықтарға ұрынуына әкелуі мүмкін. Қаржылық сауаттылықтың артуы негізделген қаржылық шешімдер қабылдауға ықпал етеді, қарыз тұзағына түсудің және заңсыз схемаларға қатысудың қаупін азайтады.

Қаржылығы сауатты азамат өзінің бюджетін жоспарлай алады, заңды қаржылық құралдарды алаяқтықтан ажырата алады, қарыздың зардабынтүсінеді және құқықтары бұзылған жағдайда оларды қорғай біледі. Мұндай дағдылар азаматтардың заңсыз әрекеттерге тартылу ықтималдығын азайтып, қоғамның экономикалық тұрақтылығын нығайтады.

Азаматтармен қаржылық қауіпсіздік мәселесі және қаржылық пирамидаларға қатысты тәуекелдердің алдын алу бойынша тұрақты түрде өткізіліп жатқан кездесулер өзінің оң нәтижелерін беріп жатыр. Мысалы, жылдың басынан облыстың 15 колледжінде және 3 жоғары оқу орнында қаржылық сауаттылық бойынша Департамент тарапынан сабақтар өткізілді.

Осылайша, қаржылық сауаттылықты арттыру – бұл тек жеке әл-ауқат мәселесі емес, сонымен қатар құқықбұзушылық деңгейіне тікелей әсер ететін маңызды фактор. Қаржылық сауаттылыққасалынған инвестиция – Қазақстан Республикасының қауіпсіз әрі тұрақты болашағына салынған инвестиция.

А.Болграбская,

БҚО бойынша ЭТТД ҰББ басшысы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале