4.10.2024, 10:30
Оқылды: 74

Қашаған кен орны уақытша жабылады

7 қазанда Қашаған кен орны жөндеуге жабылады. Кен орнындағы жөндеу жұмыстары қарашаның басына дейін жалғасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

D8A96A28-C212-437C-A49B-309755F2C242

Сурет: gov.kz

«Қашаған кен орнында жөндеу жұмыстары 7 қазанда басталып, 30 күнтізбелік күнге созылады», - делінген Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарламасында.

Қашаған – Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде орналасқан Қазақстанның қайраңды мұнай-газ кен орны. Соңғы 40 жылда ашылған әлемдегі ең ірі кен орындарының бірі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале