ҚР Білім және ғылым министрлігі балаларды штаттық режимде оқыту бойынша ұсыныс әзірледі. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты.
«Пандемия басталғаннан бері 2,4 мыңнан астам қазақстандық бала коронавируспен ауырды. Бүгінде 34 бала ем алып жатыр. Осындай жағдайдағы Үкіметтің міндеті – жалпы қауіпті вирустан балаларды және қазақстандықтарды барынша қауіпсіздендіру. Тіпті балалар коронавирусты жеңіл формада бастан өткізгенімен ересектер тәуекел аумағында болады. Олар кейіннен төңірегіне вирус таратуы және инфекцияның жаңа ошақтарын тудыруы мүмкін. Мұндай жайт тәжірибеден-ақ белгілі. Осыған орай оқу жылының 1-тоқсанында оқушылардың негізгі бөлігін қашықтан оқытуға көшіру туралы шешім қабылданды», - деді Ералы Тоғжанов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
-Бүгінде әлемде 100-ден астам ел балаларға қашықтан білім беріп жатыр. «Қазақстанда 3,4 млн. оқушы бар. Оның 77 пайызы қашықтан оқыту форматында білім алуды бастады. Эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, бірінші кезеңде жалпы контингенті 800 мың оқушыны құрайтын кезекші сыныптарды және шағын жинақты мектептерді аштық. Бүгінде Білім және ғылым министрлігі екінші кезеңде мектеп жұмысын штаттық режимде жаңарту бойынша ұсыныс әзірледі. Білім және ғылым, Денсаулық сақтау министрліктерінен келіп түсетін барлық ұсыныстар Үкіметте жан-жақты әрі тыңғылықты қаралады. Олар бойынша ең алдымен қазақстандықтардың мүддесіне және балалардың қауіпсіздігіне сай келетін теңгерімді шешім қабылданады», – деді Ералы Тоғжанов.
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер