14.07.2020, 10:55
Оқылды: 46

Қашықтан оқыту: Мұғалімдер мен оқушыларға арналған тарифтік жоспар іске қосылуы мүмкін

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев мұғалімдер мен оқушыларға арнайы тарифтік жоспар шығару мәселесі пысықталып жатқанын айтты.

5B296FCF-A5CD-49C5-B13B-EF72977B159B

«Ұялы байланыс операторлары мен мұғалімдер мен оқушыларға арналған тарифтік жоспар шығару мәселесі пысықталды. Бұл тарифтік жоспар мұғалім мен оқушы арасындағы лимитсіз қоңырауларды, сондай-ақ Білім және ғылым министрлігі белгілеген білім беру отандық ресурстарына қолжетімділікті қарастырады», - деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Асқар Жұмағалиев Үкімет отырысында. Оның айтуынша, бұл қашықтықтан оқытуға көшуге, сондай-ақ еліміздің шалғай елді мекендерінде электрондық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале