25.04.2025, 20:30
Оқылды: 518

Кәсіби бағдар беру: Колледждер мен мектептер арасынды ынтымақтастық туралы меморандум жасалды

2025 жылы елімізде жарияланған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Орал қаласында маңызды бастама жүзеге асты. Қаладағы кәсіптік колледждер мен мектептер арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалып, кәсіптік бағдар беру саласындағы өзара әрекеттестік ресми түрде бекітілді.

WhatsApp Image 2025-04-25 at 19.12.52

Бүгін өткен салтанатты рәсімде колледж және мектеп директорлары серіктестікке негізделген құжатқа қол қойып, ортақ мақсат жолындағы алғашқы қадамды жасады. Бұл құжат – өскелең ұрпақтың кәсіби бағытын анықтауда жүйелі жұмыс жүргізуге, нақты салаға бейімдеуге бағытталған.

WhatsApp Image 2025-04-25 at 19.12.52 (2)

Меморандум аясындағы негізгі мақсат – мектеп оқушылары үшін кәсіптік бағдарлау сыныптарын ұйымдастыру, кадрлар даярлау саласында бірлескен жұмыстарды іске асыру, оқу орны мен өндіріс арасындағы байланысты нығайту.

WhatsApp Image 2025-04-25 at 22.36.00 WhatsApp Image 2025-04-25 at 22.34.21 (1)

Рәсім барысында «Бір колледж – бір мектеп» қағидаты негізінде 10 мектеп пен 10 колледж өзара ынтымақтастық туралы келісімді бекітті. Бұл өз кезегінде болашақ мамандарды ерте кезеңнен кәсіби ортаға бейімдеуге ықпал етпек. Алдағы уақытта бірлескен ғылыми-тәжірибелік конференциялар, кәсіби бағдар беру семинарлары, шеберлік сабақтары, сондай-ақ оқушыларға арналған салалық экскурсиялар ұйымдастыру жоспарланған.

Орал қалалық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале