18.02.2021, 16:43
Оқылды: 53

Қасиет қонған қара жер – жанға қоныс, нанға егіс, малға өріс

«Түлкінің соры – терісінің қызылы» болса, қазақтың соры – жерінің кеңдігі мен байлығы сияқты көрінеді кейде. Бұл енді өз алдына бөлек тақырып, бөлек әңгіме. Бірақ соры түгілі, одан зоры болса да, түлкіге терісінен, қазаққа жерінен қымбат ештеңе жоқ. 68DF8AFD-8620-44EF-A6C0-B2909205AA73

Ол сонау ықылым заманнан жанға қоныс, нанға егіс, малға өріс болған қасиет қонған қара жер! Бүгінде бабадан мирас болып қалған сол дархан даламыз да жалпыдан жалқыға көшіп, жекешелендірудің жетегіне ергеніне бірқыдыру уақыт өтті. Қазір «жампаспұлсыз» жасыл шөп үстіне жантая да алмайсың, ал «мынау бір оттылау жер екен» деп мал жайып не орақ салсаң, басың пәлеге қалды дей бер!

Иә, солай! Жер мен жайылыс төңірегіндегі әңгіме осы күні мемлекетіміздің де бас ауруына айналып отыр. Оған дәлел Үкіметіміздің қаңтарда өткен кеңейтілген отырысында жерге қатысты мәселе еліміздің дамуындағы маңызды стратегиялық бағыттардың қатарында қаралуы тегін емес. Биыл Жер кодексінің жекелеген нормаларына жарияланған мораторийдің мерзімі аяқталмақ. Осыған қатысты аталмыш жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жер жөніндегі комиссияның жұмысын қайта жандандыру қажеттігін айтты. Әрі жайылымдар жайына арнайы тоқталып, ол ауыл тұрғындарына қолжетімді болуы керектігін қатаң ескертті. Кейбір жергілікті әкімдіктердің жұмысты дұрыс ұйымдастырмауы салдарынан малына өріс таппай, қиналып жүргендердің де бар екендігін жасырмады.

Мақаланың толық нұсқасын "Орал өңірі" газетінің №14 санынан оқи аласыздар.

Бауыржан Бисенов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале