23.10.2024, 12:45
Оқылды: 134

Кәсіпқой боксшы Әбілхан Аманқұл ұлттық құрамаға қайтып оралды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Әбілхан Аманқұл ұлттық командамен жаттығуды бастады. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

IMG_9433
Сурет: Olympic.kz

Ол ел чемпионатына қатысуды жоспарлап отыр.

«Мен кәсіпқой бокста өнер көрсеттім. Алайда онда жекпе-жекке шықпадым. Жарты жылға жуық уақыт бойы шаршы алаңға шықпадым. Бірақ дайындықты тоқтатпадым.

Соңғы екі ай бойы демалдым. Қазір құрамамен бірге жаттыға бастадым. Қазақстан чемпионатында өнер көрсетуді жоспарлап отырмын. Ары қарай көре жатармыз», - деді Аманқұл.

Айта кетелік, Аманқұл кәсіпқой бокстан бес жекпе-жекке қатысты. Оның төртеуінде жеңіске жетсе, біреуде қарсыласымен тең түскен.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале