11.06.2021, 16:21
Оқылды: 30

Кәсіподақ орталығы төрағасының орынбасары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің жетекшісі болып сайланды

Бүгін «Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалында Батыс Қазақстан облыстық Кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары Бауыржан Атауовтың жетекшілігімен «Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті. 

 image-11-06-21-03-50

Еске сала кетейік, «Nur Otan» партиясының Орталық аппаратының шешімімен облыстық кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары Бауыржан Атауов аталмыш қоғамдық кеңестің төрағасы болып сайланды.

Кездесу барысында кәсіподақ өкілі, қоғам белсендісі Бауыржан Аяпбергенұлы:  «Жемқорлық – қоғам дерті. Бұл құбылыс еңбек саласының кез келген бағытына орнығып, тез қанат жаюға қабілетті. Мұның салдары ұлт болашағына, мемлекет саясатына үлкен тежеліс әкелетіні жасырын емес. Бұл мәселе бір адамның немесе бір ұйымның белсенділігімен шешім таппайды, оған сіз бен біз секілді қоғам субъектілері бірлесе араласуы тиіс», - деді.

image-11-06-21-03-50 (1)

Сондай-ақ, кеңес төрағасы: «Өңірімізде «Қауіпсіз еңбек», «Адал бол!», «Еңбек адамының құқықтары үшін» деген ұстанымдары бар кәсіподақ, «Жаңғыру жолы», «Адалдық алаңы» сияқты бірлестіктер мен жобалық кеңселер белсенді жұмыстар атқарып келеді. Меніңше, бұл бірлестіктер біздің кеңестің мақсат-міндеттеріне ұстанымдары сай келетін, ашықтыққа жол сала алатын бірден-бір ұйымдар деп ойлаймын», - деді.

 

«БҚО Кәсіподақтар орталығы» АКБ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале