13.05.2021, 11:58
Оқылды: 65

Кәсіподақ төрайымы есеп беру – сайлау конференциясына қатысты

13 мамыр күні ZOOM платформасында «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының кезекті ХХVII есеп беру – сайлауконференциясы өтті. Аталмыш жиынға Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығының төрайымы Айгүл Есекенова қатысты.

ес
Онлайн жиынның күн тәртібінде партия жанындағы барлық деңгейдегі саяси кеңестердің, аймақтық бақылау-тексеру комиссияларының 2019-2020 жылдарға арналған есебі тыңдалды.

«БҚО Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар орталығының төрайымы Айгүл Есекенова аймақтың бақылау-тексеру комиссиясының жетекшісі ретінде атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасады.
Еске сала кетейік, 2020 жылдың ақпанынан бері Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығы мен «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының арасында өзара әріптестік меморандумы жұмыс жасап келеді. Сондай-ақ, кәсіподақ ұйымдарының, оның ішінде салалық кәсіподақ ұйымдарының төрағаларының көпшілігі азаматтық белсенділіктерін алға тарта партия жанынан құрылған комиссиялардың мүшелігіне кірген еді. Ең ірі еңбек ұйымы мен ең ірі саяси партия арасындағы бұл әріптестік қарым-қатынас екіжақты нәтижеге жетіп келеді. Әсіресе, еңбек қатынастарында оң шешімдердің табылуына жол ашуда.
Оған дәлел – бірлескен қоғамдық қабылдаулар.

«БҚО Кәсіподақтар орталығы» АКБ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале