15.10.2020, 16:40
Оқылды: 43

Кәсіподақ ұйымы қызметкерлерді марапаттады

БҚО ауыл шаруашылығы еңбеккерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Амангелді Дәулетжанов облыстық жер қатынастары басқармасында болып, ондағы бірқатар қызметкерлерді кәсіподақ ұйымы атынан марапаттады.

WhatsApp Image 2020-10-15 at 14.28.00

Қазіргі таңда әлемді дүрбелеңге салған пандемия біраз кәсіптің тұралауына әкеліп, жұмыссыздық санының артуына сеп болуда. Осындай сәттерде кәсіподақ ұйымдарының көмегі зор екенін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан кәсіподақтары федерациясының XXVI съезінде де айтқан болатын. Онда «Кәсіподақтар – еңбек адамының құқықтарын қорғау, оның лайықты тұрмыс сапасы мен жұмыс жағдайын қамтамасыз ету жолында мәртебелі миссия атқаратын аса маңызды заманауи қоғамдық институттың бірі. Түрлі кәсіппен айналысатын еңбек адамдары – ұлт игілігінің қайнар көзі. Біз еңбекті Қазақстан қоғамының негізгі құндылығы ретінде дәріптеуіміз керек. Бұл – менің нақты ұстанымым. Осыған байланысты кәсіподақтарға ерекше міндет жүктеледі. Сіздер еңбек нарығын қарқынды дамыту, жастарды еңбек үдерісіне тарту, ел азаматтарының әлеуетін арттыру тұрғысынан мемлекетке зор қолдау көрсетіп келесіздер» делінген. Сондықтан кәсіподақ ұйымдарының уақыт өткен сайын маңызы арта береді деп ойлаймын, – деген Амангелді Дәулетжанов облыстық жер қатынастары басқармасының қызметкері  Мұрадым Тілеповты  Ауыл шаруашылығы қызметкерлері салалық кәсіподағының ІІ дәрежелі Еңбек даңқы төсбелгісімен, ал Аяжан Амангелдиеваны Құрмет грамотасымен марапаттады.

Одан әрі Президент Жолдауында айтылған экология, қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне де ерекше назар аударды.

 Ләззат Шағатай,

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале