6 шілде – Елорда күніне орай Орал қалалық балалар шығармашылық орталығында Батыс Қазақстан облыстық Кәсіподақтар орталығы жанындағы «Келешек» жастар кеңесінің ұйымдастыруымен «Мен елімнің ертеңімін!» атты мектеп оқушыларымен, түлектермен кездесу өткізілді.
Еске сала кетейік, Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығы жанындағы жастар кеңесі еліміздегі пандемиялық ахуал басталғалы бері өңірдегі жұмысшы жастарға құқықтық-психологиялық семинар-тренингтер өткізіп, студенттер мен мектеп оқушылары үшін «Мамандыққа бағыт» тақырыбында кездесулер ұйымдастырып келеді. Аталған шаралар бүгінгі күнге дейін өз жалғасын тауып отыр.
Кездесу барысында оқушылар мамандыққа қатысты өздерінің сұрақтарын қойып, қазіргі заманда сұранысқа ие мамандықтар тізімімен таныса алды. Сондай-ақ мамандық таңдауда кездесетін қиындықтар мен себепші тараптарды ортаға салып, жас мамандардан кеңестер алды. Бір қызығы, қатысушылар арасында елорда күнінде туылған оқушылар да болды. Сонымен қатар шара барысында ҚР Кәсіподақтар федерациясынан бастау алған «30 Еңбек елшісі» республикалық жобасының облыс бойынша жеңімпазы Ақерке Шайқы «Мамандық таңдауда ескерту қажет 5 жағдай» тақырыбында шағын баяндама оқып, мектеп түлектерінің сұрақтарына жауап берді.
Кездесу соңында, қатысушылар кәсіподақ өкілдеріне алғыстарын айтып, өздерінің тілек-ұсыныстарын жеткізді.
«БҚО Кәсіподақтар орталығы» АКБ