Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының жастар кеңесі 2016 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін жас кәсіподақшылар үшін, кәсіподақ құрамы мен құрылымын, кәсіподақ ұстанымдарын жастар алаңында насихаттау жолында жұмыстар атқарып келеді. «Келешек» деп аталатын аталмыш жастар бірлестігі Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығы жанынан да құрылған еді. Бүгінгі күні кеңестің жетекшісі А.Шайқы өңірлердегі үкіметтік емес ұйымдармен, саяси партиялар жанындағы жастар бірлестіктерімен өзара ынтымақтастық қарым-қатынастарын орнатып, бірлескен іс-шараларға ұйытқы болуда.
Ағымдағы жылдың 28 шілдесі күні жергілікті ұйым «Гауһар жол» қоғамдық бірлестігінің «Shell Eni Eastern Alliance for Safe and Sustainable Transport» шетелдік компаниясымен бірлескен «БҚО-ның қауіпсіз жолдары» жобасы аясында дөңгелек үстел өткізілді. Шараға облыстық кәсіподақтар орталығы жанындағы «Келешек» жастар кеңесінің мүшелері, белсенді жастар өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар қатысты. Еске сала кетейік, кәсіподақ жастары өз кезегінде «Бизнес бастау», «Әлеуметтік дүкен», «Мамандыққа бағдар», «Қауіпсіз жол», «Жемқорлықсыз әлем», «Білімділер додасы» атты бірнеше жобалардың жүзеге асырылуы жолында белсенді үлес қосып келеді. Оның ішінде кәсіподақ жастарының жетекшілігімен бастау алған жобалар да бар.
Шара соңында кәсіподақ өкілі ұйымдастырушыларға шақырту үшін алғысын білдіріп, ҚР Кәсіподақтар федерациясының бастамасымен жарияланған «30 Еңбек елшісі» жобасы туралы айтып өтті. Өз сөзінде ол өңірдегі жастар ұйымдарының қатысуымен, ҮЕҰ-лардың қолдауымен өткізілмек жобаларға кәсіподақ жастарының да белсенді қатысуға құлықты екендерін жеткізді. Сонымен қатар «Global Youth Coalition for Road Safety» Халықаралық ұйымына кәсіподақ жастарының мүшелік ету өтініштерін қарауды сұрады.
«БҚО Кәсіподақтар орталығы» АКБ