Қазақстанда зейнеткерлер зейнетақыны әртүрлі банктердің картасымен алады. Көптеген адамдар коммуналдық қызметтерді комиссиясыз төлеу және тиімді сауда жасау үшін Kaspi Gold-қа бірден ақша аударады. Бұрын Kaspi Gold бойынша зейнетақы алу үшін картаны ауыстыруға құжаттарды қайта рәсімдеуге ХҚО-ға бару керек болатын. Енді үйден шықпай-ақ Kaspi.kz қосымшасында өтініш беру жеткілікті. Барлық қайта тіркеуді Kaspi жүзеге асырады және клиент келесі зейнетақысын Kaspi Gold арқылы алады.
Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы және тең құрылтайшысы былай деп түсіндірді: «Біз клиенттеріміздің зейнетақысын басқа карталардан Kaspi Gold-қа үнемі аудару қаншалықты ыңғайсыз екенін түсінеміз. Сондай-ақ біз сүйікті клиенттеріміздің, әсіресе қарттардың пандемия кезінде Kaspi Gold-та зейнетақы алуға өтініш беру үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарына баруға мәжбүр болғанын қаламаймыз. Сондықтан біз Еңбек министрлігі және «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-мен бірлесіп, ең танымал Kaspi Gold картасы бойынша зейнетақы алудың онлайн қызметін құрдық».
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік қызметтерді талдау және дамыту департаментінің директоры Анар Төлеубаева: «Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде екінші деңгейлі банктердің технологиялық платформаларын пайдалану – бұл сенімді шара. Халықты электрондық мемлекеттік қызметтермен қамтуды кеңейтуге және түпкілікті тұтынушы үшін рәсімді жеңілдетуге мүмкіндік береді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ЕДБ-мен бірлесіп, зейнетақы төлемдерін алушылардың банк шоттарының деректемелерін өзгерту қызметін енгізді. Осылайша, банктік деректемелерді өзгерту қажет болған жағдайда, зейнетақы алушылар Халыққа қызмет көрсету орталықтарына келмей-ақ банктер арқылы тікелей өтініш бере алады. Министрлік бұл қызмет қолжетімді болатын әлеуметтік төлемдер тізімін одан әрі кеңейтуді қарастыруда».
Kaspi Gold картасы арқылы қазақстандықтар үйден шықпай-ақ төлем жасай алады, коммуналдық, ұялы байланыс және басқа да көптеген қызметтер үшін комиссия төлемейді; жақын адамдарына ақшаны жедел аударады. Ендеше, дүкендерде сауда жасаңыз және Kaspi бонустарын жинаңыз. Енді зейнеткерлерге Kaspi.kz қызметтерінің барлығын пайдалану бұрынғыдан да оңай әрі ыңғайлы болды.