28.05.2020, 9:49
Оқылды: 42

Каспий су айлағында браконьерлердің жолы кесілді

ҰҚК Шекара қызметі 2020 жылғы 31 наурыздан бастап РФ ФҚҚ ШҚ-мен Каспий су айлағында браконьерлік әрекеттің жолын кесу және ресурстарды күзету бойынша жедел алдын алу іс-шараларын жүзеге асыруда.

8D912166-69D1-4468-9B66-8E7BD3A731BD

Шекара кеңістігінде 98 құқық бұзушы, оның ішінде 14 мемлекеттік шекара режимін және 71 аумақтық және ішкі су (теңіз) режимін бұзушы ұсталды.

60378931-FC35-4C89-BE8D-176AA3B6DF5A

65 жүзу құралы, 42 қозғалтқыш, 4 көлік құралы, браконьерлік аулау аспаптары: 236 шақырымнан астам ау және ілмегі бар арқан, 66 тұзақ, 55,1 мың ілгек және басқалар тәркіленді.

BE05FBAF-009D-4044-B062-BAD27AD35FCD

Браконьерлік заңсыз айналымнан 763 дана (3,8 мың кг) бекіре тұқымдас, 4947 дана (2,5 мың кг) ұсақ тұқымды балық, сондай-ақ 43 итбалық алынды.

Браконьерлер келтірген зиян 85,6 млн. теңгеге бағаланып отыр.

Шекара қызметінің іс-қимылы нәтижесінде табиғи тіршілік ортасына 3824 тірі балық (оның ішінде 695 бекіре тектес) және 43 итбалық жіберілді. 1,88 млн. теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

1 млрд. теңгеден артық мөлшердегі экологиялық залалға жол берілмеді.

Іс-шаралар жалғасуда.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале