20.07.2022, 11:15
Оқылды: 121

Каспий теңізінде жер сілкінісі тіркелді

Каспий теңізінде магнитудасы 4,1 балдық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Әзербайжан Ұлттық Ғылым академиясы жанындағы сейсмологиялық қызмет республикалық орталығы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1

Фото дереккөзі: adyrna.kz

Жер асты дүмпулері 45 шақырым тереңдікте 19 шілде күні тіркелген.

Жер сілкінісі Ақтау қаласынан шамамен 329 шақырым жерде болған.

Эпицентрдің координаттары - 40°42'36 солтүстік ендікте, 51°38'24 шығыс бойлықта.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале