Kaspi.kz операцияларында ақаулар пайда болды, деп хабарлайды.
«Өкінішке орай, Kaspi.kz-те техникалық ақаулар орын алды. Карта арқылы төлем жасау, банкоматтардан ақша шығару және толтыру, сондай-ақ төлемдер мен ақша аударымдары уақытша қолжетімсіз. Біз мүмкіндігінше тезірек бәрін түзету үшін жұмыс істеп жатырмыз», - деп атап өтті банкте. Еске сала кетейік, 28 қазанда Kaspi.kz операцияларында техникалық ақаулар орын алған еді. Банк өкілдері оны тезірек жоюға уәде берді.
zhaikpress.kz