Президенттер екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды арттыруға келісті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның су ресурстарын басқару ісінде словен тарапының озық тәжірибесін зерделеп, бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.
Тау-кен, жасыл энергетика, атом өнеркәсібі, цифрландыру және инновация, денсаулық сақтау, туризм салаларында тың жобаларды жүзеге асыруға келісті.
Сондай-ақ, «Қазақстан – Словения» іскерлік кеңесін құру мәселесін талқыланды. Ертең Словенияның ірі кәсіпкерлері қатысуымен бизнес-форум өтеді.
Словенияның Йожеф Стефан институты Назарбаев университетімен байланыс орнатуға қызығушылық танытты.
Президент Пирц-Мусар екеуіміз әлемдегі қақтығыстарды Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысы мен халықаралық құқық қағидаттарына сай бейбіт жолмен шешу қажет екенін құптадық.