12.12.2025, 11:15
Оқылды: 20

Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцарияның жаңадан сайланған Президентін құттықтады

Мемлекет басшысы Швейцария Конфедерациясының Президенті болып сайлануына орай Ги Пармеланға құттықтау жеделхатын жолдады, - деп жазады akorda.kz.

parmelin-mail-169_mediumThumb

Құттықтауда Ги Пармеланның көшбасшылық қасиеті мен еліне қалтқысыз қызмет еткенінің арқасында жоғары сенімге ие болып, осынау биік лауазымға қайта сайланғаны жазылған.

Мемлекет басшысы Президенттің жаңа мерзімінде халықаралық қатынастарда маңызды рөл атқаратын Швейцария дамудың даңғыл жолын жалғастыра беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ги Пармеланның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Швейцария халқына бақ-береке тіледі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале