3.07.2024, 11:15
Оқылды: 92

Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинді Ақордада қарсы алды

Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді «Ақорда» резиденциясында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

233FE9CC-474F-43EE-8449-CBD47EA7C4A9

Суреттер: Ақорданың баспасөз қызметінен

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің кортежін өзі күтіп алды.

Мәртебелі мейманның құрметіне Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің ұшақтары Қытай туымен түстес қызыл, сары жолақ із қалдырып, ұшып өтті.

9FAF7131-A4A5-4972-9E08-54AE8C8D2A30

Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің әнұрандары орындалды.

Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале