8.04.2024, 12:42
Оқылды: 65

Қасым-Жомарт Тоқаев зардап шеккен аймақтағы облыс әкімдерімен телефон арқылы байланысты

Қасым-Жомарт Тоқаев зардап шеккен 4 аймақтағы облыс әкімдерімен телефон арқылы байланысты, деп хабарлайды Zakon.kz
kz2-4553-2_mediumThumb

Бұл туралы 2024 жылдың 8 сәуірінде "Ақорда" ресми сайтында жарияланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдерімен телефон арқылы сөйлесті.

Аталған облыстардың әкімдері Президентке өңірлердегі ахуал жайында, табиғи апатпен күресу және су тасқынының зардаптарын жою үшін қабылданған шаралар жөнінде есеп берді.

"Аймақ басшыларының айтуынша, жалпы жағдай жіті бақылауда, табиғи апатпен күресу үшін адам күші де, техника да жеткілікті.",- делінген хабарламада.

Президенттің тапсырмасымен Республикалық штабқа жетекшілік ететін Премьер-Министр Олжас Бектенов бастаған Үкімет мүшелері су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға жіберілген болатын.

Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың керек-жарағын шешу бағытында ауқымды жұмыс атқарылып жатыр.

zakon.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале