12.10.2021, 22:51
Оқылды: 36

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа жәрдемақы туралы заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды.

IMG-20211012-WA0085

Заңға сәйкес, Қазақстанда жаңа жәрдемақы енгізіледі, ал оны I топтағы мүгедектерге күтім жасайтын азаматтар алады.

Бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов бүгінде бірінші топтағы 66 мың мүгедектің үштен біріне не күтім бойынша жәрдемақы, не жеке көмекшінің қызметі берілмейтінін айтқан болатын.

Олардың арасында комаға түскен науқастар, төсек тартып жатқан мүгедектер бар. Басқа адамның күтімін тұрақты қажет ететін 24 мың адам күтім жасау жәрдемақысымен қамтылады.

Заң сонымен қатар мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың бала кәмелетке толғаннан кейін де тұрғын үй кезегінде тұру құқығын сақтайды.

Дереккөз: Nur.кz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале