«Оралда болған сапарымда «Ақжайық» телеарнасына сұхбат бердім. Журналист Мұнайдар Балмолданың «Қасым Аманжоловтың «Халық жауы» атанып, сотталып, атылып кетуі мүмкін бе еді?» деген сауалына «Қасым ақын, әйтеуір, Құдай оңдап, ондай қайғы-қасіреттен өліп құтылды. Өйткені Мағжан Жұмабаевқа қарсы өткізілген әдеби-сот процестері тікелей Қасымға да қарсы баяғыда-ақ басталып кеткен еді. Шамамен 1935 жылы деуге тірек болар деректер мұрағатта сақтаулы» деп сенімді түрде жауап бердім», - дейді қарағандылық жазушы Марат Азбанбаев жуырда біздің өңірде болған сапарында.
Толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің 2021 жылғы 30 наурыз күнгі №25 санынан қасымтанушы, доғарыстағы судья, Қарағанды қаласының тұрғыны Марат Азбанбаевтың «Қасымның Оралдағы өмірі» атты мақаласынан оқи аласыздар!
zhaikpress.kz