12.09.2023, 18:00
Оқылды: 45

Қасымтаудан көшкендер көп. Бұл жөнінде не білеміз?

Біле жүріңіз!

1951 жылғы Сталиндік қаулыға сәйкес Нарынды тастап шыққандар арасында Орда ауданындағы Қасымтаудан көшкендердің жүгі өзгелерден ауыр болды.

жп

Сол кезде Қасымтау ауылдық кеңесіне қарасты «Жамбыл» атындағы колхоздың колхозшылары Сақыпжамал Тастанбекова, Меңдібай Жапаков, Мамантай Умбеткалиев, Сәлім Қуаншалиев, Махан Тастанбеков, Бурхан Уразғалиев, Жұмақыз Жақсыбалиева, Мардан Аубекеров, Алтын Аубекерова, Марпуға Хайруллина, Сүндет Иманов, Мариям Ихласова, Абухан Нурмуханбетов отырған жерлер толықтай әскерилер алаңына беріліп, аталған колхозшылар көштің басын бастайды.

Сондай-ақ, аталған колхоздан Хамидолла Мусрепов, Ахметқали Меңдалиев, Бекен Таубаев, Шапен, Закиров, Төлеген Садыков, Мария Жұмағалиева, Жамал Рамазанова, Гүлжиян Ескенова, Ұлмекен Нетқалиеваның отбасы мүшелері жерлері де зонаға алынды.

Осылайша «Жамбыл» колхозынан барлығы 71 адам отырған қоныстарын тастап шықты.

Сонымен қатар Қасымтау ауылдық кеңесіне қараған «Чапаев» колхозының колхозшылары Иметәлі Абдрешов, Отар Ахметкалиев, Зер Абдолова, Ақылжан Алманбетова, Сәру Абдирова, Меңді Ажалақова, Нұрғаным Айтқалиева, Сапи Айтқалиев, Өтеғали Айдынов, Шамардан Аманғалиев, Құспан Байзақов, Қақан Білшекеновтың шаруашылықтары жерлеріде сынақ аймағына енгізілді.

Аталған «Чапаев» колхозынан, жалпы саны 607 адам сынақ аймағынан шығарылды.

Зұлхожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале