18.12.2022, 17:55
Оқылды: 715

Қатар-2022: Бүгін алтын медаль иегері анықталады

Қатарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатында бүгін, 18 желтоқсанда финалда Аргентина мен Франция кездесуі өтеді.

8E69482D-3DB8-49EE-B261-A1D8B8192EC0

Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

Кездесу елорда уақытымен 18 желтоқсанда сағат 21:00-де басталады.

Кездесу ел астанасы Лусаил қаласындағы 88966 жанкүйерге арналған «Лусаил Айконик» стадионында өтеді.

Бас төреші – польшалық Шимон Марциняк. Оған отандастары Павел Сокольницки мен Томаш Листкевич көмекші болады. Қосалқы төреші - АҚШ-тан келген Исмаил Эльфат.

FIFA рейтингінде Аргентина 3, Франция 4-орында тұр.

Тікелей эфир «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан көрсетіледі.

Екі құрама бұған дейін он үш мәрте кездесті. Оның 7-де Аргентина, 3-де Франция жеңіске жетсе, қалғанында тең нәтиже тіркелді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале