Қатарда футболдан әлем чемпионатына қатысып жатқан Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси «Алтын допқа» басты үміткер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Goal футбол сайтынан мәлім еткеніндей, бұдан бұрын әлем чемпионатында ширек финалдық матчтардан соң үздік ойыншы атанған Л.Месси «Алтын доп» үміткерлерінің де көшін бастады.
Мессимен «ПСЖ» клубында (Париж) бірге ойнайтын Франция шабуылшысы Килиан Мбаппе екінші, норвегиялық Эрлинг Холанд («Манчестер Сити») үшінші орында.
«Алтын доптың» қазіргі иегері, «Реал» және Франция құрамасының шабуылшысы Карим Бензема 20-сатыда тұр. К.Бенземаның жарақатына байланысты дүниежүзілік додадан тыс қалғаны белгілі.
Үздік ондыққа кіретін «Алтын доп» үміткерлері:
1. Лионель Месси (ПСЖ)
2. Килиан Мбаппе (ПСЖ)
3. Эрлинг Холанд («Манчестер Сити»)
4. Неймар (ПСЖ)
5. Роберт Левандовски («Барселона»)
6. Винисиус Жуниор («Реал»)
7. Кевин де Брюйне («Манчестер Сити»)
8. Мохамед Салах («Ливерпуль»)
9. Хвича Кварацхелия («Наполи»)
10. Антуан Гризманн («Атлетико»).
14 желтоқсанға қараған түні Л.Месси жартылай финалда Хорватиямен өтетін ойынға Аргентина құрамасын бастап шығады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешамның жұмысын жалғастыратынын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ үздік он ойыншының есімі жарияланды.
Фото: Голубович Дмитрий/championat.com