15.01.2025, 13:00
Оқылды: 169

КАТКО Арал теңізінің құрғаған ұлтанын қалпына келтіруге қолдау көрсетуде

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Арал теңізінің құрғаған ұлтанында орман отырғызуды ұйымдастыру үшін ұлттық және жеке компаниялар тартылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінiң Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті хабарлады. 

82c2225264121d3ff451817406c59bf5_1280x720

Сурет: gov.kz

Министрлік Францияның "Orano Mining SA" мемлекеттік компаниясы мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, сондай-ақ Қызылорда және Түркістан облыстарының әкімдіктері арасындағы бірлескен кәсіпорын КАТКО-мен келісімге қол қойды. KATCO қаржыландыруының арқасында жоба бойынша жұмыс 2024 жылдан бастап басталды. Оны жүзеге асыру 2025 жылы жалғасады.

Қазіргі кездегі нәтижелер:
* 522 тонна тұқым жиналды.
* 2024 жылдың 16-30 желтоқсаны аралығында 12 000 гектарға егу жұмыстары жүргізілді.
* 2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында 108 000 гектарға егу жұмыстары жоспарлануда

Жоба аймақтың экологиялық тепе-теңдігін қалпына келтіруге, климаттық жағдайларды жақсартуға және жергілікті қауымдастықтарды қолдауға бағытталған. ODAM-дағы екпелер одан әрі шөлейттенудің алдын алуға және Арал өңіріне өмірді қайтаруға көмектеседі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале