Аяқтағы кей белгілер ағзада дамып жатқан қандай да бір ауруды білдіруі мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Express"-ке сілтеме жасап.
Егер сізде холестерин деңгейі жоғары болса, бұл қаныңызда холестерин деп аталатын майлы заттар өте көп екенін білдіреді. Оны гиперхолестеринемия деп те атайды. Бастапқыда ол ешқандай жағымсыздық туғызбауы мүмкін, алайда уақыт өте ол денсаулыққа қатысты қауіпті проблемалар қаупін арттырады.
Холестерин артерияларда жиналып, қанның өтуіне кедергі келтіруі мүмкін. Бұл жүрек-қан тамырлар ауруы қаупінің негізгі факторы.
Алайда көп адам өзінде холестерин деңгейі жоғары екенін білмейді. Себебі ол әдетте ешқандай белгі бермейді. Оны қан анализі арқылы анықтауға болады. Сондай-ақ кейде оны аяқтағы мына белгілер арқылы білуге болады:
Кей адамдардың жүргенде аяғы ауыруы мүмкін. Бұл кезде бірнеше минут демалсаңыз, оның ауырғаны кетеді. Сондай-ақ бір аяқ екіншісіне қарағанда қатты ауырады. Бұл белгі де дәрігерге қаралуға себеп.