15.01.2024, 17:53
Оқылды: 61

Қазақ археологиясының ардагері

Қазақ археология ғылымына атсалысқандардың бірі, атақты археолог Ленинград университетінің түлегі Александр Натанович Бернштам болатын.

InShot_20240115_095617141

Фото: google.com/imgres

Өзінің 20 жылын қазақ өлкесінің Жетісу, Тяншь-Шань, Памир-Алтай және Ферғана өңірінің археологиялық зерттеулеріне арнаған А.Бернштам біздің заманымызға дейінгі 2 мыңжылдықтан бастап, біздің заманымыздың ХV ғасырына дейінгі ескерткіштерді зерттеді және тапты.

А.Бернштам еңбектерінде Орта Азияның көшпелі халықтарының қоғамдық құрылысы мен шаруашылығы арнайы зерттеліп көрсетілген. Оның «Социально-экономический строй орхон-енесейских тюрок VІ-VІІІ вв» (1946ж) атты еңбегінде түркілердің пайда болуының және көне заманға дейінгі тарихының жалпы суреттемесі археологиялық қазба деректер арқылы жалпылама беріледі.

Ғалым «Очерк истории гуннов» атты еңбегінде Орта Азияны мекендеген халықтардың ішінде олардың этногенезінде ғұндарға ерекше басымдық береді.

Сондай-ақ Орта Азия мәдениеті мен өнерінің тарихын, эпиграфикасы мен нумизматикасын зерттеуде өзіндік пайымдаулар жасайды.

Бүгінде ғалымның артында 250-ге тарта ғылыми еңбегі қалса, соның ішінде «Археологический очерк Северной Киргизий», «Памятники старины Таласской долины», «Чуйская долины», «Очерк истории гуннов» атты еңбектері шығыстану мен қазақтанудағы қосқан үлесі еді.

Зұлқожа Шарафутдинов,
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале