Кездесу барысында Министр Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде болып жатқан реформалар туралы айтты.
Өз кезегінде Чулликатт мырза Ватикан мен Қазақстан арасындағы өзара ынтымақтастық туралы сөз қозғады.
- Жоғары білім беру жүйесі қоғамның прогрессивті дамуына негізгі әсер етеді, - деп атап өтті Фрэнсис Ассизи Чулликат.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ватикан елшісін қазақстандық ғалымдардың шетелдік жоғары оқу орындарының ғылыми зерттеулеріне қатысуына ынталандыруға бағытталған «500 тағылымдама» бағдарламасы туралы хабардар етті және Қазақстандық ғалымдардың Ватикан кітапханасының ежелгі қолжазбаларына қол жеткізуіне жәрдем көрсетуді сұрады.
- Қазақстандық ғалымдардың Ватикан кітапханасына қолжетімділігі түркі әлемінің тарихын тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді, - деп атап өтті Саясат Нұрбек.
Осы жылдың маусым айында Нұр-Сұлтанда өткен Халықаралық Түркі академиясының ғылыми кеңесінің V отырысында түркі әлемінің жалпы оқу құралдары, соның ішінде «Ортақ түркі тарихы» оқулығы бойынша қорытынды шешім қабылданған еді.