Кеше «Қазақ» газетінің шыққанына 110 жыл толды, деп жазады ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі.
2 ақпанда "Қазақ" газетінің алғашқы саны шықты.
Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы бастаған Алаш арыстары “Қазақтың” ұлттық басылымға айналуы үшін тер төкті.
1913-1918 жылдары “Қазақ” газетінің 266 саны ғана жарық көрді.
Газет өз заманының өзекті үнпарағына айналды. Басылымда сол күрделі кезеңнің бетке ұстар тұлғалары ұлт қамы, ұлт тағдырына арналған мақалаларын жұртшылыққа жеткізді.