1928 жылғы 27 тамызда жарияланған тәркілеу қаулысы бойынша Қазақстан көлемінде көшпелі шаруашылықтан 700 шаруашылықты, жартылай көшпелі шаруашылықтан 300 шаруашылықты, ал отырықшы шаруашылықтан 150 шаруашылықты тәркілеу жоспары белгіленеді.
Көрнекі фото: zhaikpress.kz
Бұл науқанды аяқтау 1928 жылдың 1 қарашасына белгіленіп, жергілікті жерлерде жедел комиссиялар тобы құрылады. Алайда науқанның қорытындысы бойынша іс-жүзінде 696 шаруашылық тәркіленіп, олардың 619-ы тәркіленген округінен тыс жерлерге айдалады.
Тәркіленген мал-мүлік кедейлер мен колхоздарға таратылады. Шаруларды күштеп ұжымдастырудың нәтижесінде колхоздар саны күрт өсіп 1928 жылы - 2 354, 1929 жылы - 4 876-ға жетті. Осы жылдары елде аштық етек алып қазақтар 1 миллион 750 мың адамын аштыққа беріп, өз ұлтының 49 пайызынан айырылады.
Зұлқожа Шарафутдинов,
zhaikpress. kz
(«Байлар қалай тәркіленді?». Орал. 2024 жыл)