12.03.2024, 16:30
Оқылды: 286

Қазақ компартиясы қалай тоқтатылды?

1991 жылдың 19-21 тамыз күндері Мәскеуде «тамыз бүлігі» орын алып, бұл Кеңестер Одағында Төтенше жағдайды жариялауға негіз болады.

жп осень (3)

Осы кезде КСРО Президенті М. Горбачевты билік басынан кетіру бағытында  конституциялық құқықтық негіздеме қаралып жатады.

Бұл тұста Алматыда өткен Қазақстан КП Орталық Комитетінің Пленумы «Бүгінгі кезеңдегі СОКП-дағы жағдай туралы» мәселені қарап, аталған Пленумда Қазақстан КП Орталық Комитетінің қызметін тоқтату және осы жылдың 7 қыркүйегіне Республиканың КП-ның төтенше  сиезін шақыру туралы шешім алынады.

Шақырылған сиезде делегаттар СОКП-ының бұрынғыдай өмір сүруін жоққа шығарып, оның қызметін тоқтатады да, Қазақстан территориясындағы мүлкін Республика меншігі деп жариялайды.

Осылайша Қазақстанда Республикалық коммунистік партия ұйымы қызметін тоқтатып елде демократиялық қайта құрулар бағытында қоғамдық-саяси жұмыс жүргізіле бастайды.

Зұлқожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

(«Қазақтар». Энциклопедиялық анықтамалық. А. 2003 жыл)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале