17.04.2025, 12:30
Оқылды: 811

Қазақ күресінен жастар арасындағы ел чемпионаты аяқталды

Сәуірдің  14–і мен 16-сы аралығында Орал қаласында қазақ күресінен жастар арасындағы  Қазақстан Республикасы чемпионаты өтті. Дүбірлі доданың басы қасында жүрген БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов мұндай жарыс өңірде ұлттық спорттың дамуына септігін тигізетінін атап өтті. Сондай-ақ облыс палуандары арасынан бірнеше чемпион шығып жатса, Әлем немесе Азия чемпионатын өткізуге дайын екенін мәлімдеді.

WhatsApp Image 2025-04-17 at 12.40.48 (2)

Еліміздің барлық облыстары мен қалаларынан келген 500-ге жуық жас палуандар бәсекесін тамашалауға ҚР Қазақ күресі Ассоциациясының бас директоры Дамир Бекбосынов та келді. Ол өз сөзінде құрлықтық немесе Әлем чемпионатын Жайық жағасында өткізуге қарсы еместігін атап өтті.

- Жазға қарай Түркістан қаласында Қажымұқан бабамыздың рухына арналған әлем кубогі жарысы өтеді. Оралдағы додада үздік болғандар сол жарысқа қатысуға мүмкіндік алады, - деді Дамир Бекбосынов. Сондай-ақ алдағы уақытта ұлттық күресті Азия ойындарының бағдарламасына енгізуді мақсат етіп отырғанын айтты.

WhatsApp Image 2025-04-17 at 12.40.48

Сонымен қатар Жайық жағасындағы палуандар бәсекесін тамашалауға қазақ күресінен жастар ұлттық құрама командасының аға бапкері Ілияс Измагилов келді. Еліміздің үздік жас боз кілем шеберлерінің аяқ алысын байқаған Ілияс Асхатұлы тек жеңімпаздар мен жүлдегерлер ғана емес, өзін жақсы қырынан көрсете алған палуандар да бапкер назарында болатынын жеткізді.

Үш күнге созылған жасыртың алғашқы күні қыздар 60, 65, 70 және +70 келі салмақ дәрежесінде ұлдар 90, 100 және +100 келіде кім мықтыны анықтады.

Қорытындысында 60 келі қыздар сынында

І орын - Сматали Ақбота (Жетісу обл.)

ІІ орын - Тилеубаева Айару (Қостанай обл.)

ІІІ орын - Изтаев Жұпаркүл (Түркістан обл.)

ІІІ орын - Сейітқасым Аружан (Түркістан обл.)

65 келі қыздар

І орын - Балғабаева Аяулым (Жамбыл обл.)

ІІ орын - Өтеулі Сезім (Жамбыл обл.)

ІІІ орын - Әлібек Сабина (Шымкент қ.)

ІІІ орын - Өзбек Саяжан (Жетісу обл.)

 70 келі қыздар

І орын - Қыдырәлі Ақбота (Түркістан обл.)

ІІ орын - Рсынхан Гулнур (Түркістан обл.)

ІІІ орын - Мақсатқызы Шұғыла (Алматы обл.)

ІІІ орын - Забильская Дария (БҚО)

+70 қыздар

І орын - Оразбекова Наргиз (Астана қ.)

ІІ орын - Оразбек Ләззат (Шымкент қ.)

ІІІ орын - Кулумбетова Сабина (БҚО)

ІІІ орын - Рамазанова Анель (Абай обл.)

90 келі ұлдар

І орын - Мержанов Ерасыл (Абай обл.)

ІІ орын - Полша Бейсет (Қарағанды обл.)

ІІІ орын - Ағыбаев Шахнияз (Қостанай обл.)

ІІІ орын - Кемелбек Сабырбек (Жамбыл обл.)

100 келі ұлдар

І орын - Қалмырза Ердәулет (Түркістан обл.)

ІІ орын - Жанболатұлы Эльнар (БҚО)

ІІІ орын - Қыбышев Әлімжан (Қарағанды обл.)

ІІІ орын - Адилжан Айдар (Алматы обл.)

+100 келі   

І орын - Бейсенәлі Мейірхан (Түркістан обл.)

ІІ орын - Базарбай Олжас (Шымкент қ.)

ІІІ орын - Төре Қажымұхан (Астана қ.)

ІІІ орын - Нұрахметов Ерасыл (Абай обл.)

Сынды палуандар жеңіс тұғырына көтерілді.

Боз кілем бәсекесінің екінші күнінде

-44 келі

І орын - Таджимова Жансая (Қызылорда обл.)

ІІ орын - Рахыбай Қарақат (Жетісу обл.)

ІІІ орын - Алтынбек Шолпан (Түркістан обл.)

ІІІ орын - Өмірбекова Бақыт (Абай обл.)

-48 келі

І орын - Анарбекқызы Эльнара (БҚО)

ІІ орын - Токмурзина Томирис (Астана қ.)

ІІІ орын - Рахметова Томерис (Жамбыл обл.)

ІІІ орын - Алтыбайқызы Камила (Маңғыстау обл.)

-52 келі

І орын - Шегелекова Алира (Абай обл.)

ІІ орын - Темірбек Сандуғаш (Ақмола обл.)

ІІІ орын - Баёва Эвелина (Қостанай обл.)

ІІІ орын - Какенова Гульназ (Ұлытау обл.)

-56 келі

І орын - Өмірбек Гүлназ (Түркістан обл.)

ІІ орын - Саламат Сезім (Маңғыстау обл.)

ІІІ орын - Мадиярқызы Мадина (Ақмола обл.)

ІІІ орын - Амангельдинова Анель (Абай обл.)

-72 келі

І орын - Бақдәулет Ерасыл (Жамбыл обл.)

ІІ орын - Бахытханұлы Нұржол (Павлодар обл.)

ІІІ орын - Саматұлы Асар (Ақтөбе обл.)

ІІІ орын - Кнестиков Данил (Қарағанды обл.)

-78 келі

І орын - Мақсұтов Бекзат (Абай обл.)

ІІ орын - Темірхан Мансұр (Жамбыл обл.)

ІІІ орын - Темірхан Дәрусейтхан (Түркістан обл.)

ІІІ орын - Дуйсенбай Әли (Алматы обл.)

-84 келі

І орын - Қайратұлы Сұлтан-Бейбарыс (Абай обл.)

ІІ орын - Әлімби Әли (Жамбыл обл.)

ІІІ орын - Сагиев Серіжан (Ұлытау обл.)

ІІІ орын - Шайхыслам Бауыржан (Шымкент қ.)

WhatsApp Image 2025-04-17 at 12.40.47

Оралды қазақ күресі думанына бөлеген жарыстың қорытынды күні тек ұлдар белдесті. Қорытындысында 55 келіде

І орын - Даулет Диас (Астана қ.)

ІІ орын - Миразат Айбатыр (БҚО)

ІІІ орын - Хамит Нұролла (Қарағанды обл.)

ІІІ орын - Муса Эржан (Қарағанды обл.)

60 келіде

І орын - Тугушев Рузимон (Түркістан обл.)

ІІ орын - Сошнин Арсен (Ақтөбе обл.)

ІІІ орын - Тойжан Әділжан (Алматы обл.)

ІІІ орын - Бескемпір Жалғас (Астана қ.)

66 келіде

І орын - Алдаберген Нұрдаулет (Астана қ.)

ІІ орын - Жаңабай Бекасыл (Жамбыл обл.)

ІІІ орын - Мажит Сәкен (Алматы қ.)

ІІІ орын - Дінмұханбетұлы Жанасыл (Алматы қ.)

WhatsApp Image 2025-04-17 at 12.40.46

Есімді жас палуандар жеңіс тұғырына көтерілді. Ел чемпионатының соңында боз кілемге жас түйе палуандар шықты. Ірі жігіттер сынында:

І орын - Абдисамитұлы Сардар (Түркістан обл.)

ІІ орын - Рахимов Амирбек (Ақтөбе обл.)

ІІІ орын - Маратов Думан (Атырау обл.)

ІІІ орын - Жамбыл Нұрболат (Шымкент қ.) Есімді жігіттер медаль бөлісті.

WhatsApp Image 2025-04-17 at 12.40.47 (1)

Орал боз кілеміндегі бәсекені қорытындылаған ҚР Қазақ күресі Ассоциациясының бас директоры Дамир Бекбосынов жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.

– Жаңадан салынған спорт кешені тек елішілік қана емес, халықаралық жарыстарды өткізуге де қолайды. Ел біріншілігін ұйымдастырған Қазақ күресі федерациясына, жергілікті спорт басқарамасына, өңір әкімшілігіне алғысымызды білдіреміз. Спортшыларға да бапкерлерге де барлық жағдай жасалды. Енді осы жарысты талдап, үздік спортшыларды бәсі биік додаларға шығаратын боламыз, – деді Дамир Бекбосынов.

Түгелбай Бисен, 

zhaikpress.kz

Фото облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасынан

 WhatsApp Image 2025-04-17 at 12.40.48 (1)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале