16.03.2023, 15:45
Оқылды: 32

Қазақ қызы әлем чемпионатындағы бірінші жекпе-жегінде қарсыласын нокаутпен жеңді

Үндістан елінің астанасы Нью-Делиде бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты басталды. Алғаш болып шаршы алаңға шыққан отандасымыз Жазира Орақбаева қарсыласын нокаутпен жеңді.

83d19c1b-f3c0-4e5f-bae6-7cb7e3046c03

Фото: vesti.kz

 

52 келіге дейінгі салмақта Жазира тайвандық боксшы қыз Чань-Ча Суньмен жұдырықтасты.

Екінші раундта қарсыласын екі рет нокдаунға түсірді. Ал үшінші раундта қарсыласын тағы бір рет есеңгіретті. Осыдан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатып, отандасымыз техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Айта кетейік, әйелдер арасындағы әлем чемпионатына 12 боксшы қызымыз аттанды. Жарыс 26 наурызға дейін жалғасады.

massaget.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале