31.01.2024, 17:06
Оқылды: 53

Қазақ өлкесін басқару комитеті қалай құрылды?

1919 жылы 10 шілдеде В. И. Ленин қол қойған «Қырғыз (Қазақ) өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитеттің» декреті жарияланады. Комитет құрамына С. Пестковский, (Ревком төрағасы), А. Байтұрсынов, В. Лукашев, Ә. Жанкелдин, М. Тұнғаншин, Б. Қаратаев және С. Меңдешов кіреді.

жп дала

Комитет жергілікті жерлерде Кеңес өкіметін орнатуды ұйымдастыру және Қазақстан Кеңестерінің құрылтай сиезін шақыру, мемлекеттік билікті барлық органда атқару міндетін алады.

Қазревком 1919 жылдың шілдесінен 1920 жылдың қазаны аралығында 15 ай қызмет етеді. Осы аралықта қазақ жерінің шекарасын белгілеу, Түркістан республикасымен келіссөздер жүргізу, Астрахань губерниясында мекендеген қазақтар бөлігін анықтау және болашақ Қазақ автономиясын құру секілді тарихи миссияны орындаған комитет ретінде тарихта қалады.

Осылайша қазақ жерінде Кеңес билігін орнату, азамат соғысында қызыл армия бөлімдерін жасақтау, Кеңес билігін қорғау және сол кездегі қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласын басқару осы Революциялық комитетке міндеттеледі.

Кейінгі жылдары Қазревкомның мүшелері болып Ә. Әйтиев, С. Арғыншиев, А. Авдеев, Т. Әлібеков, Б. Қаралдиннің кіргендері белгілі.

Зұлқожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

(«Қазақтар». Энциклопедиялық анықтамалық. А. 2003 жыл)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале