19.02.2024, 10:45
Оқылды: 14

Қазақ Орталық Атқару комитетінің тұңғыш төрағасы болған қайраткер кім?

Кешегі патшалық отарлау заманында қазақ халқының азаттық жолында өзінің азаматтық ұстанымын жоғары ұстағандардың бірі - Сейтқали Меңдешов болатын.

9c6a52a2-afc2-4015-8422-41e9cd374137

Фото: baq.kz

Алғаш қазақтарды майданның қара жұмысына алу туралы 1916 жылғы патшаның жарлығына қарсы шыққан Сейтқали Меңдешов тұтқындалып Астрахань түрмесіне қамалады.

1917 жылғы ақпан революциясы кезінде Жаңақазанда революциялық комитет құрамына кіріп, қазанда большевик С.Генераловпен бірге Бөкей ордасында ашықтан-ашық революциялық үгіттер жүргізе бастайды.

1919 жылы Бөкей губерниясының төрағасы кезінде, қазақ атты әскер полкін және өңірде бірінші комсомол ұйымын құруға атсалысады.

1919 жылдың шілдесінде Қырғыз (Қазақ) өлкесін басқару комитеті төрағасының орынбасары, ал 1920 жылғы 26 тамызда Қазақ Орталық Атқару Комитетінің тұңғыш төрағасы болады.

Ол қалың мал, құн төлеуді жою, көп әйел алушылықты тыю жөніндегі декреттерді дайындауға қатысып, аштықпен күрес, оқу-ағарту саласы, қазақ жерін межелеу сынды жұмыстың басында болады.

Зұлқожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

 («Алаш қозғалысы». Энциклопедиялық анықтамалық. А. 2014 жыл)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале